Қадірлі  емделушілер!

 

Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды. Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.

 

 Осыған байланысты,егер Сіздер:
- медициналық көмек сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медициналық кызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
- тегін кепілді медициналық көмек беру аумағында медициналық қызметкердің ақшалай талап ету жағдайларымен кездессеңіз;
- сапалы медициналық көмек көрсетуде басқа да қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда,
Сіз  Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау  қызметіне жүгінуге құқылысыз.
Сіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекен-жайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады, сондай-ақ  шағымды медициналық ұйымының сайтында «бас дәрігердің ақпараттық блогына» қалдырсаңыз болады: біздің сайт www.kobdacrb.kz.

- келесі телефондарға хабарласуға:

21-1-93 - Бас дәрігер:  Саренова Ботагөз Мақсатқызы.
21-9-66 - Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары:  Жакиев Жолдыбек Асылбекұлы.

21-5-17 - Емделушілерді қолдау қызметінің сенім телефоны арқылы байланысуға
Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметіне № 32 кабинетке тікелей жолығуыңызға болады.
Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
Сіздің арызыңызды 5 күнтізбелік күннен  кешіктірмей қысқа мерзімде қарастырып,
Сізге нәтижесі бойынша ақпаратты жеткізеді.
Емделіп жүрген науқастардың өздері немесе олардың туыстары арыздануға құқылы.
                                                                                                                                     
Қобда АОА әкімшілігі.