"Туған жерім - нұрлы елім" акциясы аясында Қобда ауданы күндеріне орай "Өмір сыйла өзгеге" донорлық акциясы өткізілді. Акцияға аудан әкімшілігінде қызмет атқаратын жетекші мамандар, мектеп мұғалімдері, аудандық аурухана қызметкерлері донор ретінде қатысты. Акцияға қатысушылар(донорлар) қан көлемін толықтыру үшін берілетін ақшалай баламасы "Үміт" сәбилер үйіне қайырымдылық шарасы ретінде қаржылай көмек көрсетті