Жіті респираторлық вирусты инфекция (ЖРВИ) – тұмау,парагрипп, респираторлы - синцитиальды, риновирус және аденовирусты инфекциялары және жоғарғы тыныс жолдарының басқа да катаральдық қабынуымен қоса жүретін әлемдегі ең көп таралған аурулардың тобы.

Әлдеқайда ауыр сырқаттанушылықты, жыл сайын індеттер және мерзімді пандемия туғызатын ең серпінді инфекция - тұмау. Әдетте, бұл ауа-сілекей арқылы берілетін, кенеттен басталатын қызба, бас пен бұлшықеттің ауыруы, құрғақ жөтел, тамақтың ауыруымен сипатталады.

Маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау - инфекцияны және аурудың ықтимал ауыр зардаптарға жол бермеу үшін ең қауіпсіз және ең тиімді тәсілі болып табылады.

Қобдалық дәрігерлер тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымына қызу дайындық үстінде. Аудандық емхана мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияларында тұрғындарды жаппай егу жұмыстары қарқынды түрде бастау алмақ. Жалпы тұмау ауруына қарсы егу жұмыстары Қобда ауданы бойынша ағымдағы 2018 жылдың 1 қазанында басталады. Екпе алғысы келген әр азамат тұрғылықты мекен жайы бойынша жергілікті емхана немесе амбулаторияға келіп, қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда еш кедергісіз егіле ала алады.

Ол қолдарыңызды жуып немесе дезинфекциялық ерітінділер өңдеуге, бөлмені толық желдетіп, дымқыл тазалау, ауру адаммен жанасуды шектеу, жиі бетпердесін пайдалануыңыз қажет. Осының бәрі тұмау, ЖРВИ және пневмококк инфекциясымен залалданудың алдын алуға көмектеседі.

Тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. Респираторлық вирустарға қарсы тұруға жеке бас тазалығын сақтау және белсенді салауатты өмір салты көмектеседі.