12- желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай медицина қызметкерлер арасында «Дені сау жастар-болашақтың жемісі!» атты ұранымен спартакиада өткізілді.

Сайысқа Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандық ауруханаларының медициналық қызметкерлері қатысты. Спартакиада волейбол, ерлер арасындағы шағын футбол, үстел теннисі, армреслинг және эстафета ойындарынан құралды. "СЕНІМ" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отырған сайыста жүлделі 1-орын иегері Қобда ауруханасы, 2- орын иегері Мәртөк ауруханасы, 3- орын иегері Ойыл ауруханасы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларды белсене қатысқаны үшін алғыс білдіріп, жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!