Қобда аудандық орталық ауруханасы 15657  адмаға медициналық көмек көрсетеді. Аудандық ауруханаға қарасты 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлі-акушерлі пункт, 18 медициналық пункт бар.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының 04.05.2019 ж №97ө-3 "Медицина жанымызда"  әлеуметтік акциясын өткізу мақсатында  19 маусым күні Қобда АОА дәрігерлері (терапевт, эндокринолог, невропатолог, хирург, гинеколог) Талдысай ауылы тұрғындарына медициналық тексерулер жүргізіп, медициналық көмек көрсетілді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысы бойынша түсіндіру жұмыстары ауыл тұрғындары арасында жүргізілді. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар мен  жарналарды төлеушілердің  міндеттері,  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің  қаржыландыру көздері, қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен  кімдер  жарналар төлеуден босатылатындығын,  медициналық сақтандырудың бар екендігін қалай анықтауға болады,  өз ісімен айналысатын және жұмыссыз азаматтар МӘМС жүйесіне қалай мүшелік ете алатындығы жөнінде ақпараттармен  таныстырды.  Тұрғындар  өздерін толғандырған, түсінбеген  сұрақтарына толық жауап алды.